+7 (707) 292 19 20

    TEF (Test d’évaluation de français)

    Париждің Сауда -өнеркәсіп палатасымен (CCIP) ұйымдастырылған француз тілін білу деңгейін анықтайтын тесті (TEF), француз тілін меңгеру деңгейін 0+ деңгейден (негізгі білім) 6 деңгейге дейін (біліктілік) бағалауға мүмкіндік береді. Бұл тест тіл меңгеру деңгейлері жалпы еуропалық анықтамалық жүйесі (CECRL) мен Канада тіл стандарт деңгейлеріне сәйкес құрастырылған.

    TEF емтиханында 3 міндетті тапсырма бар:

    • Жазбаша мәтінді түсіну

    • Сөйлеу тілін түсіну

    • Сөздік қоры мен құрылымы

    Сонымен қатар 2 таңдаулы тапсырма:

    • Мәтін жазу

    • Сұхбат (сөйлеу)

    Квебекке бейімделген француз тілін білуін тексеретін тесті (TEFAQ)-Квебектің иммиграция және мәдени қауымдастықтар Министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған TEF емтиханының арнайы нұсқасы.

    TEFAQ емтиханы екі бөлінбейтін және міндетті тапсырмадан тұрады:

    • Сөйлеу тілін түсіну

    • Сұхбат (сөйлеу)

    Канадаға көшуге арналған TEF Canada француз тілін білу деңгейіне 4 міндетті тапсырма кіреді: сөйлеуді түсіну, жазбаша түсіну, мәтін жазу және сұхбат.

    Француз Альянста TЕF емтихандарының барлық түрлері ауызша бөлігі емтихан алушысымен жүргізіледі, ал жазбаша бөліктері компьютерде тапсырылады.

    Курстарға жазылыңыз:
    +7 (707) 292 19 20 Қазір тіркеліңіз