+7 (707) 292 19 20

    Әкімшілік

    Француз Альянсының қызметі халықаралық аренада француз тілі мен франкофондық мәдениеттерді ілгерілетуге және танымал етуге, мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ, тілдік және мәдени әртүрлілікке үлес қосуға бағытталған. Біздің білім беру және мәдени жобаларымыз мәдениетаралық диалогты, алмасуды және халықаралық ұтқырлықты дамытады.

    Алматы Француз Альянсы – бұл коммерциялық емес қауымдастық, ол жергілікті заң бойынша жұмыс істейді , оны 2004 жылдың 15 желтоқсанында Алматы қаласының әкімі ТАСМАҒАМБЕТОВ мырза мен Францияның Қазақстандағы елшісі ПЕРРОЛЕ мырза ресми түрде ашты. Оның ашылуы 1994 жылы Франция елшілігінің бастамасымен  құрылған Алматы француз орталығының қызметінің жалғасы болып табылады.

    Париждегі Француз Альянсы Қорымен құрылғаннан бері танылған, Алматы Француз Альянсы француздық альянстардың бүкіләлемдік желісінің сапалық белгісін, мақсаттарын және ортақ құндылықтарын мойындайды да ұстанады.

    Алматы Француз Альянсы сонымен қатар Қазақстандағы Франция Елшілігінің ресми серіктесі болып табылады, атап айтқанда мәдениет және ынтымақтастық департаментімен жұмыс істеп, Альянс одан қаржылық қолдау көреді. Жәнеде алғашқы болып ашылған Қазақстанның Альянсы, Алматы Альянсының атқарушы директоры Орталық Азиядағы Француз Альянстарының аймақтық желісінің жұмысын үйлестіреді.

    Жарғысына сәйкес, Алматы Француз Альянсы француз тілі курстарын, француз мәдениеті мен франкофон елдеріне қатысты түрлі іс-шараларды ұйымдастыру арқылы, сондай-ақ ынтымақтастық жобалары арқылы франкофондар мен франкофилдерді біріктіруге ұмтылады.

    Альянстың қызметі туралы қысқаша:

    • Француз тілі курстары мен халықаралық тіл дипломдары (DELF, DALF, TCF, TEF және т.б.)

    • Франкофондық медиатека 14000-нан астам туындыларды ұсынады (кітаптар, француз әдістемелері, мерзімді басылымдар, комикстер, фильмдер, музыка…) және Culturethèque-тің бүкіләлемдік цифрлық медиатекасына кіру

    • Жыл бойы өткізілетін іс-шаралардың мол мәдени бағдарламасы (кездесулер, көрмелер, қойылымдар, киноклуб және т.б) және франкофондар мен франкофилдердің жыл сайынғы дәстүрлі кездесулері болып кеткен: Гастрономия мерекесі,  Европалык тіл күні,  Жас шарап мерекесі, Идеялар түні, Оқу түні, Франкофондық көктем, Музыка фестивалі, Францияның ұлттық күнін тойлау және т.б.

    • Алматыдағы Француз Альянсында CampusFrance бюросы орналасқан, ол Францияда оқу туралы толық ақпарат береді. Және де стипендиялық бағдарламалар бойынша, Франциядағы тіл орталықтарында қысқа және ұзақ мерзімді тілдік стажировкаларын өту туралы кеңес береді, сонымен қатар студенттерге француз университеттеріне, Францияның тілдік орталықтарына құжаттарды дайындауға қолдау көрсетеді.

    2011 жылдан бастап Алматы Француз Альянсы сонымен қатар EUNIC Almaty кластерінің (Еуропалық Одақ елдерінің мәдени мекемелерінің қауымдастығы) негізін қалаушылардың бірі болып табылады.

    Француз Альянсы – сіздерді Францияны жақындататын жер. Барлық жаналықтар мен оқиғалардан хабарлас болғыныз келсе, біздің жаналықтарымызды бақылап жүрініздер.