+7 (707) 292 19 20

    Киноклуб

    Киноклуб  айдың әр соңғы жұмасында сағат 19:00-де Француз Альянсының медиатекасында жиналады.

    Кіру тегін алдын ала жазылу бойынша (орындар саны шектеулі). Фильмдер француз тілінде орыс субтитрлерімен көрсетіледі, содан кейін фильмнің сюжеті немесе тақырыбы талқыланады.

    Француз кинематографиясының классикасы және заманауи фильмдер, көркем және деректі фильмдер – басты мақсаты  Франция туралы түсінік алу және француз тілді елдердің өзекті мәселелерін талқылау мүмкіндігі беріледі.

    Фильм көрсетілімдері туралы қосымша ақпарат алу үшін Француз Альянсының қызметкерлерімен байланысыңыз және бізді әлеуметтік желілерде бақылаңыз!